АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУДА

АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУДА

96763124 1318790141844608 5688154317731659776 n Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт Рысқұлов ауылдық округіне сапарын Шұқырбұлақ ауылы «Адал» ШҚ мал бордақылау алаңының жұмысымен танысудан бастады. Мал бордақылау алаңы 2018 жылы құрылған. Қазіргі таңда 1000 мал басы бордақылануда. Одан кейін Азаттық ауылы «Майлыкент-сүт» ЖШС-ға ат басын бұрып, жұмыстарымен танысты. Аталған зауытта күніне 5,0 тонна сүт өнделіп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындалады 2018 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 80 млн. теңгеге несиелендіріп, жұмыс жасауда. Рысқұлов ауылдық округінің жұмысымен танысу Азаттық ауылы Ережеп Қалдыбай көшесіндегі ауыз су ұңғымасын (скважина) көрумен аяқталды. Ұңғыма 2010 жылдың мамыр айында қазылған. Қазіргі кезде ауыз сумен қамтылған халық саны 4250-ді құрайды.

Ауданымыздың басшысы Нұрлан Байғұт Ақбиік аулдың округіне сапарын Құлан ауылында орналасқан апатты жағдайдағы мәдениет үйімен танысудан бастады. Келесі кезекте сол ауылдағы «Құлан» және Сарытөр ауыландағы «Сарытөр» су қоймаларындағы жұмыстарды бақылап, өз бағасын берді. Сонымен қатар Сарытөр ауылындағы елінің жүрегінде ерлігімен сақталған жандар құрметіне салынған «ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналған аллеяның» құрылысын көріп қайтты.

Аудан әкімі Жабағылы ауылдық округіне индустриалды аймақтың жағдайымен танысу мақсатында барып, ол жердегі сапарын Абайыл ауылындағы мекппен танысумен жалғастырды. Атап өту қажет Н.Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі 1910 жылы ашылған, сондықтан да жаңа типтегі мектеп салуды қажет етеді. Содан соң Н.Байғұт «Авеню» ЖШС—ың жұмысымен танысты. Аталған жұмыс орны вермикулит өндірумен айналысады. Нысан 2003 жыл іске қосылған. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы Жабағылы ауылындағы әкімшілік ғимаратымен танысты. Қазіргі кезде әкімшілік ғимаратының тозығы жеткен және жаңа ғимарат салуды қажет етеді. Сапар соңында Түлкібас ауданының әкімі Жабағылы ауылындағы Батылдық және Талдыбұлақ көшелеріне асфальт жүргізу мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Жоғарыда аталған Талдыбұлақ көшесінің ұзындығы 1,8 ш.м. құрайды. Көшеге тас төсеп, асфальт салуды қажет етсе, Батылдық көшесінде тас төселген, тек асфальт төсеуді қажет етеді.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg