ТҮЛКІБАС: Кәсіпкерлікті қолдау басты назарда!

ТҮЛКІБАС: Кәсіпкерлікті қолдау басты назарда!

WhatsApp Image 2020 05 21 at 10.15.33 Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні аудан әкімі Н.Байғұт ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшыларын қабылдады.
Қабылдауда облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, алдағы бес жылға ауылшаруашылығындағы өндірілетін тауарлары бойынша жоспар құру, бірінші кезекте қажетті азық-түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бір жерден 2-3 өнім алу мәселесі және ауылшаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім есебі талқыланды.

Осы ретте ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін және тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласының әлеуетін толық пайдалануымыз керек. Бірінші кезекте шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлерге қолдауды күшейтіп, пайдасы мол өнім беретін дақыл түрін егуге ықпал ету қажет. Бұл бағыттағы жұмыстын оң шешім табуы – аудандық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің табыс деңгейінің өсуі мен қызығушылар қатарының артуына ықпал ете¬рі сөзсіз»-деді.

Сондай-ақ, аудан басшысы бір жерден 2-3 өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жіті бақылауында ұстайының айтып, бұл бағытта да кәсіпкерлерге қолдауды күшейтуді тапсырды.
Ауылшаруашылығы бөлімінің мамандарының есебі бойынша ауданымыздың климатына қолайлы өсетін, ауылшаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім есебінің ең жоғарғы көрсеткіштерін картоп пен таңқурай құрап отыр. Мәселен, картоп көкөнісі 1 гектар жерден орта есеппен 165 центнер өнім өндіріледі. Таза табыс 694 мың теңге. Ал, 1 гектар жерге егілген таңқурай жемісінен 1 млн.теңгеден астам таза табыс түседі. (кестеде толық есебі көрсетілген)
Алдағы уақытта облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан аумағында 50 гектар жерге таңқурай жемісін егу жоспарланса, 52 гектар жерге картоп көкөнісін егу жұмыстары іске асты.

Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша айтар болсақ, аудандық ауыршаруашылығы бөлімі ауылдық округ, кент әкімдіктерімен бірлесіп күз айында аудандық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден көтерме бағада 1000 тонна пияз, 500 тонна картоп көкөніс сатып алып, «Мұрагер» ЖШС-нің қоймасына қыс мезгілінде сақтауды жоспарлап отыр. Бұл шаралардың іске асуы қыс мелгілінде бірінші кезекте қажетті көкөніске сұраныстың өсуіне тосқауыл болары сөзсіз.

Сонымен қатар, мемлекеттiк бағдарламалармен кəсiпкерлiктi қолдау тетiктерiн толық пайдалану мақсатында аудан кɵлемiнде жобалық кеңсе жұмысы жолға қойылады. Ол жерде «бір терезе» қағидасы арқылы аудандық кәсіпкерлер және өз кәсібін ашам деуші азаматтар бір жерден өз жобаларына қатысты құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік алады. Осылайша, Түлкібас ауданында кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру шаралары жүйелі түрде іске асуда.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg