ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 20 ЖЫЛ ТОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР КӨПБАЛАЛЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЫЙҒА ТАРТТЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 20 ЖЫЛ ТОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР КӨПБАЛАЛЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЫЙҒА ТАРТТЫ

WhatsApp Image 2020 05 22 at 14.56.17 2 «Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі». Түлкібас ауданының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы саналатын Абай мектеп лицейінің 2000-шы жылы мектеп бітірген түлектері «Қамқорлық» жобасының қатысушысы көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.

Баспаналы болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдық түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді.

Бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы жалдамалы пәтерде тұрып келген отбасы, отағасының бірінші топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақымен атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күн көріп отыр.

Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Соңғы екі жыл қатарынан дәл осы Абай мектеп лицейінің 1998 және 1999 жылы бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж екі жалғыз басты анаға аудан орталығынан үй сыйға тартқан болатын.


Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, жазушы, журналист, қоғам қайраткері М.Байғұт және аудандық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы Қ.Анашев бастаған Абай мектебінің 56 жыл бұрын бітірген түлектері мен ауданның бас имамы М.Серік арнайы қатысып, Хажібековтер отбасын жаңа қонысымен құттықтады. Үй кілтін табыстау рәсімі осы мектептің 56 жыл бұрынғы түлегі Мархабат Байғұт ағамызға бұйырды.

Шара соңында дәстүрге сай 2000 жылғы түлектер қайырымдылық эстафетасын 2001 жылғы түлектерге өткізді.
Осылайша түлкібастықтар бүкіл қазақ еліне үлгі боларлықтай игі істі дәстүрге айналдырып отыр.

Айта кетерлік, Түлкібас ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы бойынша 93 аса мұқтаж отбасыға аудан әкімдігі және демеушілер тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда жоба аясында баспанаға мұқтаж екі отбасы жомарт жандардың демеушілігімен баспаналы болып отыр.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg