Әлеуетті өнім берушілердің назарына!

Әлеуетті өнім берушілердің назарына!

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» кезең-кезеңімен енгізілуде.

Мұнда, мүгедектігі бар тұлғалар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Порталда Мемлекет тарапынан техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылған. Тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған жағдайда, өз тараптарынан үстінен қосымша қаржы төлеу мүмкіндігі де көзделген.

Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдар тауарды өнім берушіге қайтару фактісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы «Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» №14 бұйрығына сәйкес, өнім беруші тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын уәкілетті органға күнтізбелік 15 күн ішінде қайтаруды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілер Порталда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы «Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына сәйкес:

1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды;

3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;

5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;

6) тауарларды және/немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған жағдайда тіркеле алады.

Құрметті әлеуетті өнім берушілер! Сіздерді Порталға тіркелуге шақырамыз. Туындаған сұрақтар бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуға болады.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg