ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

WhatsApp Image 2020 05 29 at 15.39.43 1 Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Үкімет отырысында баяндағанындай Түркістан облысында ауыл шаруашылығын нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта дамыту жоспарлануда. Соның iшiнде белгiленген Екінші бағыт: кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. Осы бағытты аудан кɵлемiнде кеңiнен түсiндiру, тəжiрибе алмасу мақсатында аудан əкiмiнiң бастамасымен Жаскешу ауыл округiнде карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинарға ауылдық округ, кент әкімдері, шаруа қожалық төрағалары мен бір жерден 2-3 өнім алдыруға ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасы бекіткен 265 гектар жерге 2-3 өнім егу қажет болатын болса, бұл жоспар асыра орындалып отыр. Яғни, 266 гектар жерден 154 шаруа қожалық екі рет өнім алуды жоспарлап отыр.
Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес аудан әкімі бастаған округ әкімдері мен шаруалар «Андасбек» шару қожалығына табан тіреп, егіс алқабымен танысты. Шаруа қожалық төрағасы Құрманбаев Әділбек Андасбекұлы ерте көктемде 5 гектар жерге «Наташа» және «Ривейра» сортты картоп көкөнісін егіп, 1 гектарынан 250 центнер өнім алуды көздеп отыр. Ауылшаруашылығы мамандарының болжамына сәйкес 1 гектардан түсетін таза табыс көлемі 1 млн. 325 теңгеге жуық болмақ. Бірінші өнімді шілде айының орта тұсында жинап алуды жоспарлап отырған шаруа сол жерге қияр егпек.
Семинары барысында шаруа қожалық төрағасы округ әкімдері мен ниет білдіруші шаруаларға кәсібінің қыр-сырын айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Шаруа қожалық төрағасымен сұқбат құрған аудан басшысы Нұрлан Мархабатұлы адал терімен іске асырып жатқан еңбегіне оң бағасын беріп, шаруашылығын ұлғайтуға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Бұл бағытта округ әкіміне және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, мерзімінде орындауды тапсырды.

Содан соң, көшпелі семинар «Жұлдыз» шаруа қожалығының егіс алқабында жалғасын тапты. Бұл жерде шаруа қожалық төрағасы С.Өмірбеков 1,5 гектар жерге көкжелке (укроб) егіп отыр. Шаруа маусым айында көкжелкені жинап алған соң жерді қайта өңдеп орнына қияр отырғызуды жоспарлап отыр.
Көшпелі семинар қорытындысы «Ерсары-1» және «Ерасыл-2» шаруа қожалығында өз мәресіне жетті. Бұл жерде ағайынды Төлепбергеновтар жалпы 4 гектар жердің 2 гектарына пияз, 1 гектарына қызанақ, 1 гектарына қияр егіп отыр.
Семинарды қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы;
- «Бүгінгі таңда басты мәселе ауылшаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту. Осы орайда, мемлекеттік қолдауларды мүмкіндігінше пайдаланып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын және басқа да бағыттағы жеке кәсіпкерлікті дамытуымыз қажет. Осындай сындарлы сәтте облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының әр бастамасын іске асыра отырып, біз Республика, облысымыздың оның ішінде ауданымыздың әлеуметтік-эканомикалық дамуына үлесімізді қосамыз. Бұл бағыттарды дамыту арқылы тұрғындардың да әл-ауқатын көтереміз»-деп, тиісті бөлім басшылары мен округ әкімдеріне семинардан жинаған тәжірибені пайдалана отырып, әр ауылдық округ, кенттердегі шаруа қожалықтарға және ниет білдірген азаматтарға табыс көзі мол түсетін ауылшаруашылық дақылдарынан нақты мысалдар келтіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg