ТҮЛКІБАС: «ЕРСАРЫ» ШАРУ ҚОЖАЛЫҒЫ 5 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІП МОЛ ТАБЫСҚА КЕҢЕЛІП ОТЫР.....

ТҮЛКІБАС: «ЕРСАРЫ» ШАРУ ҚОЖАЛЫҒЫ 5 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІП МОЛ ТАБЫСҚА КЕҢЕЛІП ОТЫР.....

WhatsApp Image 2020 08 05 at 18.18.50 1 Естеріңізде болса көктем мезгілінде облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес бір жерден екі-үш өнім алу тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұттың бастамасымен аудан аумағындағы шаруа қожалық төрағаларымен көшпелі семинар өткен болатын. Сол семинардың нәтижиесі бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Бұлай дейтініміз Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы жалпы 5 гектар жерге бірінші өнім ретінде ерте көктемде 2 гектарына сарымсақ, 3 гектарына картоп егіп ағымдағы жылдың маусым айының орта тұсында жинап алған. Содан-соң, 5 гектар жерді қайта өндеп 2 гектарына қияр, 3 гектарына ақ желкен егіп қазіргі таңда еңбегінің жемісін көруде. Атап айтар болсақ, бірінші егін сарымсақтан 20 тонна, ал картоптан 75 тонна өнім алып, сарымсақтың келісін 550 теңгеден, картоптың келісін 110 теңгеден Сайрам ауданымен Түлкібас ауданының базарларына өткізіп, мол табысқа қол жеткізіп отыр.
Бүгінгі таңда екінші егілген қиярды егіс алқабынан 100-110 теңгеден, ал ақ желкеннің бір бумасын 100 теңгеден өткізуде. Шаруа қожалық төрағасы қияр көкөнісінен 30 тоннаға дейін өнім жинауды жоспарлауда. Сондай-ақ, шаруа қожалық науқан кезінде 15 адамды уақтша жұмыспен қамтып отыр.
Жалпы аудан аумағында 155 шаруа қожалық көктем мезгілінде 266 гектар жерге бірінші өнімі ретінде көкөніс, бұршақ дақылдарын және картоп егіп, 610,2 тонна өнім алған болатын. Бүгінгі таңда сол жерлерге еккен екінші өнімдерін жинауда.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg