Аудан әкімінің құттықтаулары

Аудан әкімінің құттықтаулары

Түлкібас ауданы әкімінің Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы

Құрметті ардагер ағалар!

Қадірлі әже-аналар!

1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарт адамдар күні атап өтіледі. Сондықтан осындай мерейлі мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! 

Сіздер әлемге өрелі биікке ұмтылған іргелі ел ретінде танылған тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға ат салысып, ерен еңбектеріңізбен үлес қоса отырып,  ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген де, салиқалы саясатына қолдау көрсетіп келесіздер.  Аға ұрпақ өкілдерінің даналығы мен кемеңгерлігі әсіресе, жаңа заман жастарының тың бастамалары үшін айрықша маңызға ие.

Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Олай болса, зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу-мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда ауданда 9556 қария болса,  оның ішінде 100 жастан асқан 8 қария, 90 жастан асқан  109 қария бар.  

Өңірде аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көп жұмыстар атқарылып, Сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді.

Өздеріңізге мәлім биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам бастық. Еліміз 25 жылда талай-талай белестерді бағындырды. Елімізді дамуы мен көркеюуіне Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан теңіз.

Осы бір жүрек тебірентерлік жарқын мереке адамдарды Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздар екендігімізді тағы бір есімізге салғандай болады. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік, ынтымақ пен береке, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілеймін.


Түлкібас ауданы әкімінің Қазақстан халқының тілдері  күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті қонақтар!

Қадірлі қауым!

       Сіздерді Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған дәстүрлі фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

           Тіл – халықтың жаны, рухани байлығы, асыл қазынасы.   Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.

      Тілі жойылса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.   

      Сондықтан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай ауданымызда бүгінде мемлекеттік  тілде сөйлеушілер саны артып, 26-дан астам ұлт өкілдері өз тілдерін еркін қолдануда.

   2007 жылы Елбасы Жолдауында бастау алған үштұғырлы тіл саясаты бүгінде елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Өркениетті елдер қатарына қадам басқан еліміз үшін үштұғырлы тіл қажет деп ойлаймын. Ауданымызда  тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»ашылып,  тіл үйренушілер арасында түрлі сабақтар өткізіп келеді.

Биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары ағылшын тілін 1 сыныптан бастап үйреніп, жоғары сыныпқа барғанда барлық пәндерді үш тілде меңгеретін болады.

Сонымен қатар мен аудандағы бірқатар елді-мекендерді аралап, тыныс-тіршілігімен таныстым. Сондағы байқағаным ауыл ішіндегі ана тілде жазылған дүкен-сүрелердің атаулары қате, мағынасыз сөздер жиі кездеседі. Сондықтан біз тіл тазалығын сақтап, қате жазылған сөздерге ерекше көңіл бөлуіміз қажет деп білемін.


Құрметті қауым!

Халқымызда  «Тіл – атадан қалған асыл мұра» деген аталы сөз бар.

Осыған орай біз барлық уақытта ата-бабамыздан сақталып келе жатқан ана тілімізді дамыту, тіл тазалығын сақтау, ана тілде сөйлеушілер санын көбейту, оның өзара қолданыстағы дәрежесін көтеру бағытында  жұмыстар жүргізуге тиіспіз деп ойлаймын.

Бүгінгі жиынға қатысып отырған барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға береке – бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!


Түлкібас ауданы әкімінің ҚР Конституция күні   мерекесімен құттықтауы

Құрметті Түлкібастықтар!

           Сіздерді тәуелсіз Қазақ елінің Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

         Ұлы дала елінде тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқанына ширек ғасыр толса, егемендік мен дербес елдіктің құқықтық негізін бекіткен Ата заңымызға 21 жыл толып отыр. Тәуелсіздік пен тұрақтылығымыздың, елдегі  ынтымақ пен бірлігіміздің, татулық пен достығымыздың кепілі Ата заңымыздың арқасында  айбынды мемлекетке айналдық. Демократиялық даму жолын берік ұстанған зайырлы мемлекетіміздің жаһан  жұртшылығы танып, мойындады.

Жиырма бес жылдық   тарихы бар тәуелсіз Қазақстан тамаша табыстарға қол жеткізді. Солардың арасындағы ең шоқтысы – «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі.  Бұл да болса жас мемлекет үшін абырой, артылған зор міндет пен үлкен сенім деп білеміз.  

        Биыл біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам бастық.   Егеменді еліміздің әрбір жылы қалыптасу, толысу, өсіп-өркендеу жылдарына айналып отырғаны ақиқат. 25 жыл ішінде еліміздің экономикасы қарқынды дамып, халқымыз берекелік тіршілік кешуде. Оның айқын мысалдарын ауданымыздан да көруге болады. Әрбір ауылға көгілдір отын мен ауыз су тартылып, қирап, тозған мәдениет үйлері қайта жөнделді. Алақандай ауылдарда еңселі, заман талабына сай зәулім білім ошақтары мен балабақшалар, медициналық нысандар бой көтерді. Ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп, ауыл келбеті жаңарып, көріктенді. Өркениетті елдердегідей әрбір елді-мекенде кәсіпкерлік  саласы кең қанат жайып, әрбір азамат өз ісін ашып, өзін және айналасын жұмыспен қамтып, кәсібің дөңгелетіп отыр. 

          Алайда уақыт бір орнында тұрмайды. Сол мақсатта заман ағымына сай алға қарай ұмтылып, жылжуымыз қажет. Біздің ендігі бағытымыз, бағдарламамыз кемеңгер көшбасшы, Елбаысмыз ұсынған аса дамыған 30 елдің қатарына ену. Мәңгілік елге айналу. Өркениетті ел болу.

      Осыған орай алдағы жарқын болашағымызға, межелі мақсатымыз бен асыл мұратымызға жетудің бағыт-бағдарын «Ұлт жоспары -100 нақты қадамымен» айқындап берді.

      Аталған реформа  қоғамдағы ашықтық пен демократияның дамуына,  мемлекеттіміздің нығайюуына,  ел дамуына жаңаша серпін беретін қуатты құрал болып,   жүзеге асуда.

       Мәселен, реформа аясында бүгінде ауданымызда  жергілікті полиция қызметі мен қоғамдық кеңестер құрылып, медиация кабинеті ашылды.  Аталған құрылымдар  жергілікті жерлердегі маңызды мәселелерді дербес шешуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. 

      Сонымен қатар ұлт жоспарындағы жергілікті мектеп басшыларын ашық конкурс арқылы тағайындау, кез- келген сауалда билікке ашық түрде жолдайтын «Ашық әкімдік» жүйесі тағы басқа да қадамдар жүзеге асырыла бастады.

          Халқымызда «Ырыс - ынтымаққа жолығады,  дәулет – бірлікпен толығады» деген қанатты сөз бар.              Біздің осындай қол жеткізіп отырған табыстармыз бен жетістіктеріміздің барлығы  қоғамымызда орнаған ауызбірлік пен ынтымақтың, жарқын болашаққа деген сенімнің нәтижесі.

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бір үйдің баласындай ауданымызда 26 астам түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттардың бірлігі арта берсін.

         Сонымен қатар мен Сіздерді  тазалыққа, мәдениетті болуға шақырамын. Табиғатты тамаша Түлкібас ауданы тоғыз жолдың торабында орын тепкен.  Сондықтан ауданымызға табиғаттың көруге қонақтар, жол жүретін жолаушылар көп өтеді. Осыған орай     әрбір ауыл тұрғындары тазалықты сақтауды өз ауласынан бастай отырып, өз ауылындағы өзен, бұлақтарды, көшелерін тазалау жұмыстарына біркісідей атсалысу қажет.       Сонымен қатар ел ішінде орын алып отырған рушылдыққа бөліну,  діни теріс ағымдар күрделі мәселенің бірі болуда.  Соңғы уақытта орын алған оқиғалар бұл салаға бей-жай қарауға болмайтындығын тағы да көрсетті.      Сондықтен  алдағы көздеген мақсатқа жету үшін жұрт болып жиылып, көп болып кеңесіп,  бірлесе еңбек етуіміз қажет. Сындарлы істе ешкім де сырт қалмауы керек.


Уважаемые Тюлькубасцы!

      Искренне поздравляю вас с одним из самых главных государственных праздников — Днем Конституции Республики Казахстан!   Основной Закон закрепил в Казахстане гарантию прав и свобод граждан, стал прочным фундаментом для независимого государства.

      Конституция провозгласила наивысшей ценностью – человека, его жизнь и здоровье, честь и достоинство, неприкосновенность и безопасность. В ее основу были заложены верховенство права, свобода и демократический путь развития общества.


Дорогие земляки!

Поздравляю Вас с днем Конституции Республики Казахстан!

Убежден, что мы можем с уверенностью и оптимизмом смотреть в будущее, понимая, что наша слаженная работа, сплоченность и созидательная энергия предопределяют дальнейшее поступательное движение Казахстана к процветанию и благополучию. Крепкого вам здоровья, счастья, добра и благополучия!


Құрметті қауым!

Сіздерді халқымыздың жүрегінен шыққан, тәуелсіздік жылдарында заман сынына қапысыз төтеп берген мемелкетіміздің Темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы Конституция күнімен шын жүрекен құттықтаймын! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg