Аудан әкімнің есептері

Аудан әкімнің есептері

2018 жылдың Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы 

 

Облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, аудан көлемінде негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жүйелі шаралар атқарылып, межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда:

Жалпы өңірлік өнім      

2018 жылдың қорытындысымен 76,7 млрд. теңгені құрап, жан басына шаққанда 690,6 мың теңгеге немесе 11,4% өсті. (Өткен жылдың тиісті кезеңі 68,9 млрд. теңге).

 

Инвестиция         

Ауданға тартылған инвестициялар көлемі жыл қорытындысымен 19,2 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады. (2017 ж- 18,2 млрд. теңге облыстық көрсеткіш 101,2%; облыс бойынша аудан 7орында).

 

Бюджет - қаржы саясаты

     Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 17,0 млрд. теңгеге орындалып, 100,5 пайызды құрады.

Жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 3,2 млрд. теңгеге орындалып,102,9 пайызды құрады.

Жергілікті бюджеттің шығыс жоспары 17,0 млрд. теңгесі игеріліп,жоспар 100,0% орындалды.

 

Өнеркәсіп  

Аудан көлеміндегі өнеркәсіп кәсіпорындары – 23,2 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады, оның ішінде; кен өндіру саласында 3,1 млрд. теңгенің, өңдеу саласында 16,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. (2017ж –22,7 млрд. теңге, облыстық көрсеткіш 97,3%, облыс бойынша аудан 9 орында).

Шағын кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнесте 17 202 адам жұмыс атқаруда, аудан халқының 15 пайызы осы саладағы жұмыспен қамтылған. Аудан бойынша белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны                     6716 бірлікке жетіп, 6,4 пайызға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 35,4 млрд.теңгені құрап, өсім 2,7 пайызға жеткен. Төленген салық төлемдері                    342,1 млн. теңгені құрап 2,7 пайызға өскен.

2018 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы  4627 адамға              2,8 млрд. теңге несие берілген (басым бағыт ауылшаруашылығы саласындағы көктемгі дала жұмыстарына, мал шаруашылығына, сүт өнімдерін өңдеуге), оның ішінде  «Ырыс» МКҰ» арқылы                        35 жобаға – 200,0 млн. теңге, «Түлкібас несие серіктестігі» ЖШС арқылы 94 жоба - 0,5 млрд. тенге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 77 жоба 0,2 млрд. теңге,  жеңілдетілген(6,5-14% аралығында)  несие берілген. Сонымен қатар «Казмикрофинанс» МКҰ арқылы 3484 жобаға -1,7 млрд. теңге, «Азиатский финансовый фонд» МКҰ  937 жобаға – 200,0 млн. теңгеге коммерциялық несие берілген.

 

Туризм саласы

2018 жылы  келген 16658 туристерге (оның ішінде 813 шет ел азаматтары) жалпы 32 нысан 340,6 млн. теңгеге сапалы қызмет көрсетіп, көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттары құрылды.

 

Ауылшаруашылық саласы  

Ауылшаруашылық саласы бойынша өнім көлемі 33,5 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады. (Облыстық көрсеткіш 105,3%, облыс бойынша аудан 10 орында).

Тамшылатып суғару әдісі 500 га, терең қопсыту технологиясы ендіру 6737 га жетіп, жоспар 100,0% орындалды.

Мал шаруашылығы саласында 19,5 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 104,0 %).

Өсімдік шаруашылығы саласында 13,9 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 107,7 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 106,5 %).

Ет -100,7% немесе 16,8 мың тонна, сүт-101,5% немесе                 49,6 мың тонна, жұмыртқа-100,2% немесе 16,7 млн. дана өндірілген.

2018 жылы 165 гектарға бау егу жоспарының орындалғаны 258 га (156,4%), сонымен қатар жаңғақ егу жоспары 257,5 га орындалып (103,0%), таңқурай шаруашылығы  жоспары 80,9 га (107,9%), жүзім бау шаруашылығы 10 гектарға егіліп, жоспар 100%-ға орындалды.

       «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 147 сатып алынып, жоспар 196,0 пайызға өсті.

       «Құлан» бағдарламасы бойынша 164 сатып алынып, жоспар 155,0 пайызға өсті.

       «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 450 сатып алынып, жоспар 134,7 пайызға өсті. 

        Мал шаруашылығын дамыту іс-шараларын іске асыру мақсатында  ауданда 10-15 басқа арналған 269 шағын мал бордақылау алаңдары, 5-10 бастық 83 жанұялық сүт фермасы құрылды.

 

Құрылыс саласы  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5 млрд. теңгені құрап, немесе 101,7 пайызға өсті. (Облыстық көрсеткіш 101,9%, облыс бойынша аудан 11 орында).

Жыл қорытындысымен 29892,0 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 189,5 пайызға өсті. (Облыстық көрсеткіш 121,7%, облыс бойынша аудан 4 орында).

Білім саласы  

        2018 жыл қорытындысымен 18 мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберіндегі 26 балабақшада жалпы                7872 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші                        97,8%  құрады. (Облыстық көрсеткіш 95,5%).

Денсаулық  сақтау саласы 

Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде ауданда нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 10,4%, қайтыс болғандар көрсеткіші 1,9%,  қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері              11,1%, төмендеп, ана өлімі тіркелмеді.   

Әлеуметтік саласы

Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 57,2 мың адамды құрады (өткен жылдың тиісті кезеңінде 54,0 мың адам болған), жұмыспен қамтылғандар 54,2 мың адам (өткен жылдың тиісті кезеңінде 51,3 мың адам болған). Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады.

Ауыз су саласы  

Аудандағы 62 елді мекеннің (111103 халық) 59 елді мекені (110527 халық немесе 99,5%) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Су құбырымен қамтылған 59 елді мекенің 58 елді мекенінде тәулігіне 24 сағат, 1 елді мекенінде (Машат ауылы) ауыз су кестемен берілуде. Қалған 3 елді мекен (Қайыршақты, Ақсай, Даубаба 2) шалғайда орналасып, халық аз шоғырланғандықтан экономикалық жағынан тиімсіз болып табылған.

Газ саласы   

Аудан бойынша 62 елді мекеннің (111103 халық) 59 елді мекен тұрғындары (110342 халық немесе 98,8%) табиғи газбен қамтылған. Аудандағы 3 елді мекеннің (Иірсу, Азаттық, Қабанбай) жаңа көшелерін газ жүйесімен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірленді. Кемербастау ауылы Балтабай мен Жаңа көшелерін  газдандыруға 2018 жылы 73,7  млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

 

Автожол саласы  

  Аудандық бюджеттен 149,8  млн. теңгеге (Келтемашат, Азаттық, Көктерек, Түлкібас, Т.Рысқұлов) елді мекендерінің көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Электр жүйесі және инфрақұрылым

13 ауылдың (Т.Рысқұлов, Жаскешу, Шұқырбұлақ, Жаримбетов, Күмісбастау, Алғабас, Тастұмсық, Қабанбай, Ақбиік, Жабағылы, Қайыршақты, Көктерек, Азаттық) ішкі көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнату құрылыстарына облыстық бюджеттен 330,7 млн. теңге бөлініп  жұмыстар жүргізілді. 

2 ауылдың  (Т.Рысқұлов, Азаттық) ішкі көшелерін электр қуатымен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен ЖСҚ дайындалып, 2019 жылға құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылды.

 

 Қоғамдық қауіпсіздік   

2018 жылдың қорытындысымен аудан көлемінде барлық бағыт бойынша 351 құқық бұзушылық қылмыстар тіркелген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 95 құқық бұзушылық қылмысқа немесе 21,3 пайызға кеміген. Барлық қылмыстың ашылуы 95,8 пайызды құрады.

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы

 

Түлкібас ауданы бойынша 5 мемлекеттік бағдарламалар бойынша төмендегі жұмыстар жасалынды:

1.«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы

Білім саласы бойынша аудан мектептерін максималды жылдамдықты Wi-fi роутерлермен жабдықталып,оқушыларды 1-сыныпқа қабылдауға mektep.sitcen.kz (мектеп ситсен) сайттары ашылып, Bilim Media Group ЖШС онлайн білім беру ресурсы Bilimland.kz порталын енгізілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша аудандық орталық ауруханасы  «Даму»  ақпараттандыру технологиялық орталығымен «Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйе»  (Egov, АИС, КМИС) іске қосылып,кезекке тұруды реттеу үшін емханаға POST – терминал орнатылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша «Тұнғыш Президент» паркі, Түркібас әулие,  Балалар алаңшасына жалпы саны 34 күн көзінен қуат алатын ақылды шамдар орнатылып,елді-мекендердегі жаңадан ашылған көшелердегі тұрғын үйлерге 14 шақырым СИП кабелі тартылып, 632 дана СЕ101 маркалы электронды есептегіш құралдары орнатылды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы «Qoldau» сайтына енгізілетін егістік алқаптарының көлемі 63510 га болса, бұл енгізілетін бүкіл көлемнің 39,21 пайызды құрап отыр.     

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласында алғашқылардың бірі болып «Кентау» ЖШС енгізіп отыр.       

Кәсіпкерлік саласы бойынша мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 6 өндіріс кәсіпорындар мекемелеріне цифрлы жүйеге ауыстырылды.

Туризм саласы бойынша 5-туристік нысандарды цифрлы картаға ауыстырылды.

Барлық ауыл,поселке округтерінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік органдардың интранет порталына (ИПГО) және нормативтік-құқықтық актілерін электронды түрде тіркеу бойынша барлық ауыл, поселке әкімдеріне KAZ-TOKEN электрондық цифрлық қолтаңбасы  толық 100 пайыз қамтамасыз етілді.

 

2.«Нұрлы жер» бағдарламасы:

       Бағдарлама бойынша Түлкібас ауданында 32 пәтерлі 4 тұрғын үй  коммуналды тұрғын  үйлердің құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Нәтижесінде  кезекте тұрған 128 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2019 жылы дайын жобалық  сметалық құжаттар бойынша 18 тұрғын үйдің 4-не құрылыс жұмыстары басталады, бұл  256 пәтермен қамтылады (тұрғын үй кезегінде 1544 адам), қалған  14 тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

3.«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 5 жоба бойынша қолдау көрсетілді, оның ішінде 838 млн.теңгеге несие алған, 3 млн.теңгеге мемлекеттік грант ұтып алған.

 

4.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

      «Жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары» бойынша   2018 жылы  4146 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді, (оның ішінде 125 азамат техникалық кәсіптік білімі бар кадрларды дайындауға, 195 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына, 166  азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, 103 несие алды,                          27 азаматқа басқа қаржы институттарының есебінен несие берілген, 15 азаматқа гранттық несие берілді, 142 азамат  әлеуметтік жұмыс орындарына, 321 жұмыссыз  жастар практикасына, 2590 азамат жаңа жұмыс орындарына,  462 азамат жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылды)

 Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде:Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша 195 азаматты 11 мамандық бойынша оқытуға  облыстық  бюджеттен 36,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, оның 155-і  азамат оқуын аяқтаған,оның ішінде  143-ы жұмысқа орналасты (92,2 пайыз). 40 азамат ішкі тәртіпті сақтамағандығы үшін оқудан шығарылды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде: 2018 жылы 166  азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, оның ішінде сертификат алған 157 азаматтың 103-не 408,1 млн. теңге несие берілді, оның ішінде 97 азаматқа өз ісін ашуға және 6 азаматқа өз ісін кеңейту мақсатында берілді. Сонымен қатар, 27 азаматқа басқа қаржы институттарының есебінен несие берілген. Бастау бизнес бойынша 44 азамат несиеленген, 15 азаматқа гранттық несие берілді.    

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша: Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 26,4 млн. теңге қаржы қарастырылып, халықтың арнайы топтарының ішінен 142 азамат  (142 пайыз) аудан көлеміндегі 17 мекемеге жіберілді, оның ішінде  132 азамат жұмыспен қамтылды.

 

5.«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

 Өңірлерді  дамыту  бағдарламасына  аудандық бюджеттен абаттандыру жұмыстарына 104,7 млн. тенге қарастырылып, толығымен игерілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің орындалуы              

                        

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»

 «7-20-25»  бағдарламасы арқылы Т.Рысқұлов ауылы «Нұршуақ» мөлтек ауданындағы 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйден 2 бөлмелік 2 пәтер несиеге алуға халыққа ұсынылды. 

 

Екінші  бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіп, Түлкібас ауданында 2700 азаматтардың кірістеріне оң әсерін тигізіп, бір жылдық айлық жалақысы барлығы 39,2 млн теңгеге артады.

 

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Ауданда орналасқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі балансында 400 орындық   студент жастардың жатақханасы  орналасқан. Аталған білім ордасында  693 студент білім алуда, жатақхана қажет ететін 101 студент толығымен қамтамасыз етілген. (100 пайыз).

2017-2018 оқу жылында 1190 мектеп бітірушінің 935-і қатысып  (78,5 пайыз).  Нәтижесінде орта балл 80,65 пайызды құрады.                   552 мемлекеттік грантқа түскен. (59 пайыз).

 

Төртінші  бастама: «Шағын несие беруді көбейту»

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 2 бағыты шеңберінде  103 азаматқа 408,1 млн.теңге несие берілді, (Оның ішінде 97 азаматқа өз ісін ашуға және 6 азаматқа өз ісін кеңейту мақсатында.  27 азаматқа басқа қаржы институттарының есебінен несие берілген. Бастау бизнес бойынша 44 азамат несиеленген.)

2018 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы  206 адамға              936,4 млн. теңге несие берілген  оның ішінде  «Ырыс» МКҰ» арқылы  35 жоба – 188,2 млн.теңге, «Түлкібас несие серіктестігі» ЖШС арқылы 94 жоба – 523,2 млн.тенге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 77 жоба 225,4 млн теңге несие берілді.

 

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»

Аудан елді мекендері бүгінгі күнге 98,8 % табиғи газбен қамтамасыз етілген.   Иірсу елді мекенін табиғи газбен қамту үшін  жобалық сметалық құжаттары дайындалып салалық басқармаға  ұсыныс берілді.  Ақсай, Қайыршақты елді мекендеріне табиғи газ тарту экономикалық жағынан тиімсіз болып табылған. Ауданда халық саны өсу себебінен елді мекендерде газдандырылмаған жаңа көшелер ашылуына байланысты газ жүргізу жұмыстары жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалуы

1.Халық табысының өсуі

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіп, Түлкібас ауданында 2700 азаматтардың кірістеріне оң әсерін тигізіп, бір жылдық айлық жалақысы барлығы 39,2 млн теңгеге артады.

2) Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтердің жасалуы

Суды таратушы желілер арқылы беру (ауыз су) қызметі бойынша «Тұраркент-су» МКК мекемесі 83,72 теңгеден 80,00 теңгеге, ал өз ағысымен келетін елді мекендерге  46,10 теңгеден 44,65 теңге болып ауыз суға жалпы  3,1 пайызға төмендетілген.

         Электр қуатын пайдаланудың көлемі бойынша бұрын жеке тұлғаларға 14,49 теңгеден 13,50 теңге болып, 6,8 пайызға төмендетілді.

Табиғи газбен қамтамасыз ету саласы бойынша бұрын бір текше метрге жеке тұлғаларға 34,474 теңге болса, 2019 жылдың               1 қаңтарынан бастап бір текше метрге 32,474 теңге болып,                     5,8 пайызға төмендетілді.

         Жоғарыдағы көрсетілген коммуналдық қызметерге төмендетілген тарифтер бойынша, аудан тұрғындарының қоры 60,0 млн. теңгеге үнемделеді.

 

3) Салық амнистиясы

      2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізу бойынша Түлкібас ауданында өсімпұл барлық саны 101 болса, сомасы 245,8 мың теңге; оның ішінде, 17 заңды тұлғалар 20,5 мың теңге,             84 жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар 225,3 мың теңге, айыппұл барлық саны 22, сомасы 88 млн. 621 мың теңге; оның ішінде 6 заңды тұлғалар 88 млн.102 мың теңге, 16 жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтар 518,9 мың теңге.

 

 

2.Білім беру жүйесін дамыту

        Түлкібас ауданында  3-6 жас бойынша балаларды қамту 97,8% құрап отыр.

        Мемлекеттік-жекеменшік  пайыздық үлесі-35,6 %.

Барлық мектептерде Назарбаев зияткерлік мектебінің  жаңартылған мазмұнымен 100 пайызға жұмыс жүргізіліп жатыр.

6 мектепте робототехникамен жабдықталған, қазіргі таңда өз жұмыстармен жұмыс жасауда. Жаңартылған білім мазмұнымен 325 мұғалім 30%-50% үстем ақы алып жатыр.

3.Медициналық қызметтің сапасын жақсарту

Халықтың өмір сүру ұзақтығы 71,5 ке жеткізілді. 2017 жылы 2254 бала туылса, 2018 жылы-2289 бала туылып, 1,5 пайызға жоғарылаған.

2017 жылы 573 науқас қайтыс болса, 2018 жылы  561 науқас қайтыс болып, 1,9 пайызға төмендеді. 2017 жылы 21  бала  шетінеп, көрсеткіші - 9,3 промиллді құраса, 2018 жылы 18 бала шетінеп, көрсеткіші -7,9 промиллді құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 15,0 пайызға төмендеп отыр.

Медициналық қызметтің сапасын жақсарту және  қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған  іс шаралар.

- 2018 жылға 5 дәрігерлік учаске ашылды.

- Дәрігерге  электронды түрде  жазылу арқылы  науқастардың  кезекті  күтуі  екі  есеге азайды.

- Азаматтардың 97,9 пайызының  электронды денсаулық паспорты  бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 жылға атқаратын жоспар

Қадірменді қауым!

Сіздерден Елбасымыздың жыл сайынғы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат ретінде, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру аясында алдағы уақытта ауданда жасалынатын жоспарлар туралы баяндаймын.

 

2019 жылға  қойылатын жалпы өңірлік өнім межесін                 78,0 млрд. теңгеге жеткізу:

Өнеркәсіп саласы ЖӨК                             23 000,0 млн. теңге;

Ауылшаруашылғы саласы ЖӨК                39 216,4 млн. теңге;

Құрылыс саласы                                         11 547,2 млн. теңге;

Сауда саласы                                                4 200,0 млн. теңге.

 

Өнеркәсіп

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 2019-2020 жылдары жалпы құны  98,2 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, 3466 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, олар:                 («Ет өнімдері» ЖШС, «AK Kazyna» ЖШС, «РАХ Оңтүстік» ЖШС, «Жабағылы Құс» ЖШС, «Арсен Ас» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС және «Түлкібас Темір» ЖШС).

 

Инвестиция    

Ауданға 17,9 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарланып отыр,оның ішінде:

  1. 1. Кәсіпкерлік саласы                       13 195,0 млн. теңге;
  2. 2. Ауылшаруашылығы саласы              350,0 млн. теңге;
  3. 3. Құрылыс  саласы                           1 468,4 млн. теңге;
  4. 4. Әлеуметтік саласы                       2 049,3 млн. теңге;
  5. 5. Тұрғын үй коммуналдық

шаруашылық саласы                             837,4 млн. теңге.

         

 

 

        Шағын және орта кәсіпкерлік

2019 жылы 1,2 млрд. теңгелік 258 жобаның құжаттары жинақталып, микрокредиттік ұйымдар арқылы жеңілдетілген несие алуға дайын, оның 83-і «Бизнес-Бастау» бағыты бойынша оқып сертификат алған азаматтардың жобасы.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландыруға 162 млн. теңгелік 5 жоба (пайыздық ставканы субсидиалау, ішінара кепілдендіру және инфрақұрылыммен қамту бағыттары бойынша) қаржыландыру жоспарланып отыр.

 

Туризм саласы

2019 жылы 1336,0 млн теңгелік 5 нысанды іске қосу жоспарланып отыр:  

«Батыс Еуропа –Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі                             3 жобаның құрылысы жүруде, олар:

«Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны 346,0 млн. теңге сыйымдылығы 100 орын, жаңадан 25 жұмыс орны ашылады.

«Шұқырбұлақ» жол бойы қызмет көрсету орталығы, жобаның жалпы құны 150,0 млн. теңге сыйымдылығы 50 орын, жаңадан 12 жұмыс орны ашылады.

«Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау, жобаның жалпы құны 76,0 млн. теңге сыйымдылығы 30 орын, жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

Табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында:

 Сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы. Жобаның жалпы құны 417,0 млн. теңге, жанадан 30 адамға жұмыс орны ашылады.

"Жайлау" емдеу сауықтыру орталығы Жобаның жалпы құны                   347,0 млн, сыйымдылығы 100 орын, жаңадан 50 жұмыс орны ашылады.

 

Ауылшаруашылық саласы            

Ауданымыз таулы аймақта орналасқандықтан алма бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. 2019-2025 жж арналған даму бағдарламасына сәйкес, алма бау көлемін 5885 га жеткізіп, алманы Түлкібас ауданының брендіне айналдыру мақсаты қойылған

- Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2007-2018 жылдар аралығында 1634 га жерге алма бауы отырғызылды.

 -   2019 -2025 жылдары қосымша 2450 га жерге жоғары өнім беретін аудандастырылған алма сорттарын (Голден Делишес, Семиренко, Мельба, Редделишес) отырғызу жоспарлануда, оның ішінде  2019 жылға  жоспар 200 га.

 

«Абайыл өнімдері» СТК алманың «Апорт» сортымен және шие бау шаруашылығын дамыту, жобаның құны: 1 075,0 млн. теңге, 2019-2021 жылдары 200 га алма бау, 100 га сары шие (драгана желтая) отырғызып,  жылына  60,0 мың тонна алма  және               5,0 мың тонна шие өндіру, 65 адамға жұмыс орыны ашылуда.

 

Мал бордақылау алаңдарын ашу:

2019-2020 жылдар аралығында ауданымызда өндірілетін ет көлемін 21,1 мың тоннаға жеткізу:

«Бирлик» Ш/Қ 50 млн. теңге несие алу жолымен  импорттық                 100 бас асыл тұқымды аналық сатып алу, «Адал» Ш/Қ  3000 басқа арналған бордақылау алаңын ашып, 20 адам жұмыспен қамтылады.

 Сүт қабылдау бекеттерінің қуаттылығын арттыру:

Аудан көлемінде 13 сүт қабылдау бекеттері  “Майлыкент сүт” ЖШС және “Фуд мастер” АҚ келісім шартпен тәулігіне 24 тонна сүт өткізуде. 2019-2020 жылдары 6 сүт қабылдау («Нурек ата» «Қызыл жұлдыз» «Нар сүт» АӨК, ЖК «Тажибаев М», «Түлкібас» ЖШС, ЖК «Өмірзақов А») бекеттерін іске қосып, тәулігіне қосымша  9600 литр сүт қабылдау жоспарлануда.

  

Құрылыс саласы

2019 жылы инфрақұрылым бойынша 5 елді мекенде (Т.Рысқұлов ауылы - 1,5 га, Жабағылы ауылы – 25,5 га, Балықты ауылы – 53,8 га, Састөбе поселкесі – 54,6 га, Түлкібас поселкесі – 34,6 га) ЖСҚ-ы  дайындалып тиісті басқармаға ұсынылды. Аталған 4 елді мекенде 690 жер телімі тізімде тұрған тұрғындарға беріледі (жер телімі кезегінде 4657 адам). 

 

 

 

 

 

 

Білім саласы

Аудандағы 59 мектептің (45-орта, 5-негізгі, 9-бастауыш)              Республикалық, облыстық бюджеттен: 8 мектепке қайта жаңғырту мен қосымша ғимарат құрылыстарын жүргізуге  (Кошевой, Жамбыл, Алтынсарин, Сеславина, өтпелі Азаттық ауылындағы 600 орындық мектеп, Пушкин, Бреусов, Шевцов ЖОМ)  1 794,7 млн. теңге қарастырылды.

 

Мәдениет саласы  

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласыдағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  Түлкібас ауданындағы ұмытыла бастаған Шұбайқызыл  атты шоққыны халыққа кеңінен насихаттау арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу, талантты жас қаламгерлерге қолдау көрсету, жаңа қазақстан патриотизм рухында тәрбиелеуге ат салысу, туризмді дамытуға іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар аудандық бюджеттен 254,6 млн. теңгеге                    5 ауылдық клубтарға (Алғабас, Жанұзақ, Елтай, Көкбұлақ, Рысқұл) күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізіледі.

 

 Автожол саласы   

Ауданның елді мекендеріндегі барлығы 429,4 шақырым көше жолдары болса, оның тозығы жеткені 138,1 шақырымды                    (32,2 пайызы) құрайды.

Аудандық маңызы бар "Дауан-Бақыбек"; "Керейт-Махталы"; "РЗД - 115"  автожолдарының 11,2 шақырымын, Қызылбастау ауылы Жандарбеков және Т.Рысқұлов ауылы А.Иманов көшелерінің ұзындығы 2,0 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аудандағы 6 елді мекеннің 6 көшесіне ұзындығы                        10,61 шақырымға, «Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы  шеңберінде  аудандағы 6 елді мекеннің 9 көшесіне ұзындығы 9,05 шақырымға, қосымша 16 көшеге немесе  19,7 шақырымға аудандық бюджеттен                      орташа  жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.

Осы жоғарыда аталған жұмыстар іске асырылған жағдайда,  тозығы жеткен көшелер пайызы 32,2 ден 19,9-ға төмендейді.  

 

    

 

 

 

 

 Жарықтандыру

Облыстық бюджеттен:

Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі,  Азаттық ауылы Интернациональная, Ералиев және Жаңа құрылыс көшелеріне  электр желісін тарту және трансформатор орнату құрылысы жүргізіледі.  

 

Құрметті қауым!

Өткен жылда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта  жүзеге асатын  жобаларды баяндадым.

Бізді алда ауқымды міндеттер күтіп тұр.

Жоспарланған жұмыстар мен міндеттемелерді толығымен орындап, межеленген көрсеткіштерге Сіздермен бірге қол жеткізейік!              

Назарларыңызға рахмет!

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg