Қоғамдық кеңестің ережелері

Қоғамдық кеңестің ережелері

Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңес туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер

1. Осы Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже (әрі қарай  Қоғамдық кеңес) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (әрі қарай Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қоғамдық кеңес – Түлкібас аудандық мәслихаты құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
4.Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
5.Қоғамдық кеңес автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.
6.Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.   
3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

7. Қоғамдық  кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы  (бұдан әрі - жұмыс тобы) қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
8. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік  ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын Түлкібас аудандық  мәслихатының хатшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
9. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
10. Жұмыс тобының сандық құрамын Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы айқындайды.
11. Түлкібас аудандық мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Түлкібас аудандық мәслихаттың  интернет-ресурсында орналастырады.
12. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде Түлкібас аудандық мәслихатына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
13. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның                              10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
14. Түлкібас аудандық мәслихаты конкурс мерзімі аяқталған соң  келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде  жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.
15. Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы отырысты ашады және жүргізеді.
16. Отырыста осы Ереженің 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады.Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша  жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
17. Жұмыс тобының құрамы Түлкібас аудандық мәслихаты хатшысының (бұдан әрі - жұмыс тобының басшысы) шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
18. Жұмыс тобының құрамы Түлкібас аудандық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.
4. Жұмыс тобының өкілеттіктері
19. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
4) Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереже жобасын Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
20. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
21. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан  кезде заңды болып табылады.
22. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
23. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
24. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
25. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекен-жайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді  жариялайды.
26. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
27. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске  бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
28. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы Түлкібас аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
29. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.
Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
Қоғамдық кеңестің мүшелері - мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасын сайлайды.
30. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы,  төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның басшысының өкілеттіктері тоқтатылады.

6. Түлкібас ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмысын
ұйымдастыру
31. Қоғамдық кеңестің жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
32. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.                                          
33. Қоғамдық кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
34. Қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асыру кезінде басқа Қоғамдық кеңестермен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
35. Қоғамдық кеңес халықты:
1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;

          5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және (немесе) интернет-ресурста орналастыру арқылы хабардар етеді.

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg